Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"№ 7 "Балдырған" санаториялық бөбекжай-балабақшасы" КММ
Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"№ 7 "Балдырған" санаториялық бөбекжай-балабақшасы" КММ
Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/baldyrgan-7.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1986 жылдың қазан айында ашылған. Балабақша балаларды өкпе ауруына қарсы емдеу, олардың бойындағы туберкулез талшықтарын жою және оның алдын алу шараларымен бірге тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Балабақшаны 1986 – 2013 жылдар аралығында Бисембай Бағымкүл Шарапқызы басқарды. Алғашқы кезде балабақшада екі топ жұмыс жасады.

 

1995-1998 жылдарда (оңтайландыру кезінде) Халықаралық «Аралды құтқару» қорынан 2 млн. теңге қаражат бөлініп, 4 топ жұмыс жасады. 1999 жылдан бастап жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 6 топқа көбейді.

2013-2015 жылдар аралығында балабақшаға Әліпбаева Гүлсім Әзімжанқызы басшылық жасады.

2015 жылдан бастап балабақшамызды Коланова Жанат Қуанышқызы басқарып келді.

2021 жылдан бастап Қызылорда білім басқармасының 23.06.2021 жылғы № 120 нд/1 санды және Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.06.2021 жылғы № 252 бб санды «Бірлескен Бұйрығына» сәйкес балабақша әлсіреген, жиі және ұзақ ауыратын, аймақтық дәрігерде әр түрлі диагнозбен “Д” есепте тұратын балалар, яғни анемия өкпе-тыныс алу жолдарының, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің, аллергиялық және бүйрек-зәр шығару жолдарының ауруларымен есепте тұратын мектеп жасына дейінгі бір жастан алты жастағы балаларға арналған емдеу-алдын алу, сауықтыру жұмыстарын жүргізеді.

Балабақшаға 19 қыркүйек 2022 жылдан бастап Нұрмағанбетова Эльмира Жалпақбайқызы басшылық етеді.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап 10 балаға толығып, 120 бала тәрбиеленуде. 

  • Қазіргі таңда 6 топ жұмыс жасайды:
  • “Бөбек” кіші тобы –  15 бала
  • “Бүлдіршін”  кіші тобы –  15 бала
  • “Құлыншақ” ортаңғы тобы – 22 бала
  • “Алтын кілт” ортаңғы тобы – 23 бала
  • “Күншуақ” ересек  тобы – 23 бала
  • “Балдәурен”  мектепалды даярлық тобы – 22 бала тәрбиеленуде.

Балабақшада 22 педагог кадр жұмыс жасайды.

Оның ішінде:

  • жоғары білімді – 13
  • арнаулы орта - 9
  • жоғары санатты – 4
  • Педагог-сарапшы – 4
  • Педагог-модератор – 1
  • І-санатты – 2
  • ІІ-санатты - 6 педагог кадр қызмет етеді.

2023 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес «Азық-түлік өнімдерін сатып алу» ерекшелігі бойынша Жеке кәсіпкер Б.Панова /№1    06.01.2023 ж/ азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Балаларға 5 мезгіл тамақ беріледі.

Қазіргі таңда балабақша жаңа инновациялық бағыт бойынша жұмыс жасауда.

Педагог кадрлардың 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктері:

Балабақша әдіскері Серикбаева Клара Тогамысовна «Үздік ата-аналармен консультативтік пункт» аудандық байқауынан ІІ-орын;

Тәрбиеші Мамбетова Асель Сахиевна – «Үздік жоба-2022» аудандық байқауынан ІІ-орын;

Балабақша әдіскері Серикбаева Клара Тогамысовна «Үздік ата-аналармен консультативтік пункт» облыстық байқауынан ІІ-орын;

Тәрбиеші Душанова Айгуль Амантаевна – «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ана сұлу көрінер қызыменен» атты байқауда – І-орын;

Тәрбиеші Ерназар Гүлсім Төлегенқызы – аудандық «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» бағытында педагогикалық оқудан  ІІ-орын;

Тәрбиеші Душанова Айгуль Амантаевна – аудандық «Педагогикалық идеялар алаңы» байқауынан І-орын;

Тәрбиеші Беденова Гульмира Кенесовна – «Балаларға базарлық» атты республикалық байқаудың аудандық кезеңінен І-орын;

Тәрбиеші Изенова Зухра Жеткергеновна – «Достық бекеті» облыстық бейнеролик байқауында ІІ-орын, тәрбиеленушісі Мухинадин Расул.

Тәрбиеші Душанова Айгуль Амантаевна – «Қызыққа толы сәттер» республикалық байқауының аудандық кезеңінде І-орын, облыстық кезеңінде ІІ-орын иемденді.

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған «Қызыққа толы сәттер» республикалық байқауының облыстық кезеңінде №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы ІІ орынмен марапатталды.

Облыстық оқу орталығының жоспарына сәйкес балабақша педагогтерімен «Театр әлеміндегі ғаждайыптар» тақырыбында облыстық вебинар болып өтті. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы сертификаттарға ие болды.