Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1986 жылдың қазан айында ашылған. Балабақша балаларды өкпе ауруына қарсы емдеу, олардың бойындағы туберкулез талшықтарын жою және оның алдын алу шараларымен бірге тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Балабақшаны 1986 – 2013 жылдар аралығында Бисембай Бағымкүл Шарапқызы басқарды. Алғашқы кезде балабақшада екі топ жұмыс жасады.
1995-1998 жылдарда (оңтайландыру кезінде) Халықаралық «Аралды құтқару» қорынан 2 млн. теңге қаражат бөлініп, 4 топ жұмыс жасады. 1999 жылдан бастап жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 6 топқа көбейді.
2013-2015 жылдар аралығында балабақшаға Әліпбаева Гүлсім Әзімжанқызы басшылық жасады.
2015 жылдан бастап балабақшамызды Коланова Жанат Қуанышқызы басқарып келді.
2021 жылдан бастап Қызылорда білім басқармасының 23.06.2021 жылғы № 120 нд/1 санды және Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.06.2021 жылғы № 252 бб санды «Бірлескен Бұйрығына» сәйкес балабақша әлсіреген, жиі және ұзақ ауыратын, аймақтық дәрігерде әр түрлі диагнозбен “Д” есепте тұратын балалар, яғни анемия өкпе-тыныс алу жолдарының, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің, аллергиялық және бүйрек-зәр шығару жолдарының ауруларымен есепте тұратын мектеп жасына дейінгі бір жастан алты жастағы балаларға арналған емдеу-алдын алу, сауықтыру жұмыстарын жүргізеді.
Балабақшаға 19 қыркүйек 2022 жылдан бастап Нұрмағанбетова Эльмира Жалпақбайқызы басшылық етеді.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап 10 балаға толығып, 120 бала тәрбиеленуде.
- Қазіргі таңда 6 топ жұмыс жасайды:
- “Бөбек” кіші тобы – 15 бала
- “Бүлдіршін” кіші тобы – 15 бала
- “Құлыншақ” ортаңғы тобы – 22 бала
- “Алтын кілт” ортаңғы тобы – 23 бала
- “Күншуақ” ересек тобы – 23 бала
- “Балдәурен” мектепалды даярлық тобы – 22 бала тәрбиеленуде.
Балабақшада 22 педагог кадр жұмыс жасайды.
Оның ішінде:
- жоғары білімді – 13
- арнаулы орта - 9
- жоғары санатты – 4
- Педагог-сарапшы – 4
- Педагог-модератор – 1
- І-санатты – 2
- ІІ-санатты - 6 педагог кадр қызмет етеді.
2023 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес «Азық-түлік өнімдерін сатып алу» ерекшелігі бойынша Жеке кәсіпкер Б.Панова /№1 06.01.2023 ж/ азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Балаларға 5 мезгіл тамақ беріледі.
Қазіргі таңда балабақша жаңа инновациялық бағыт бойынша жұмыс жасауда.
Педагог кадрлардың 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктері:
Балабақша әдіскері Серикбаева Клара Тогамысовна «Үздік ата-аналармен консультативтік пункт» аудандық байқауынан ІІ-орын;
Тәрбиеші Мамбетова Асель Сахиевна – «Үздік жоба-2022» аудандық байқауынан ІІ-орын;
Балабақша әдіскері Серикбаева Клара Тогамысовна «Үздік ата-аналармен консультативтік пункт» облыстық байқауынан ІІ-орын;
Тәрбиеші Душанова Айгуль Амантаевна – «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ана сұлу көрінер қызыменен» атты байқауда – І-орын;
Тәрбиеші Ерназар Гүлсім Төлегенқызы – аудандық «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» бағытында педагогикалық оқудан ІІ-орын;
Тәрбиеші Душанова Айгуль Амантаевна – аудандық «Педагогикалық идеялар алаңы» байқауынан І-орын;
Тәрбиеші Беденова Гульмира Кенесовна – «Балаларға базарлық» атты республикалық байқаудың аудандық кезеңінен І-орын;
Тәрбиеші Изенова Зухра Жеткергеновна – «Достық бекеті» облыстық бейнеролик байқауында ІІ-орын, тәрбиеленушісі Мухинадин Расул.
Тәрбиеші Душанова Айгуль Амантаевна – «Қызыққа толы сәттер» республикалық байқауының аудандық кезеңінде І-орын, облыстық кезеңінде ІІ-орын иемденді.
Мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған «Қызыққа толы сәттер» республикалық байқауының облыстық кезеңінде №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы ІІ орынмен марапатталды.
Облыстық оқу орталығының жоспарына сәйкес балабақша педагогтерімен «Театр әлеміндегі ғаждайыптар» тақырыбында облыстық вебинар болып өтті. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы сертификаттарға ие болды.